Ел басына күн туып, біраз аймақты су басқан уақытта Абай халқының аманатын табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға жеткізген ерікті азаматтарға Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы алғыс хаттар табыстап, сый көрсетті.
Атап айтқанда, Абай облысы Зекет және қайырымдылық қорының мамандары мен осы бір игі іске белсене ат салысып, 7 күннен астам алыс сапар шегіп, ел аманатын тиісті орындарға табыстаған «Газель клуб Семей 18» ұйымының мүшелеріне шынайы алғысын білдіріп, қиын-қыстау сәттердегі халқымыздың береке-бірлігі мен өзара жанашырлығының маңыздылығы туралы насихатын айтты.
Ерікті азаматтарды әрдайым осындай игі шараларда белсенділік танытып, сауапты істерге молынан үлес қосудан шаршамауға шақырды.
Пікір қалдыру