ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ

Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіттің қызметкерлеріне Құрбан айттың құрметіне мерекелік дастарқан жайылды. Бұл мерекелік кешке мешіт қызметкерлері отбасы, бала-шағаларымен бірге шақырылды.

Асқар қажы Әбітайұлы Құрбан айтта 3 күн бойы ықыласпен халыққа қызмет еткен мешіт имамдары мен ұстаздарна шаруашылық бөлім мамандарына, Зекет және қайырымдылық бөлімі қызметкерлеріне алғысын білдіріп, балаларына айттық сыйлықтарын үлестірді.

Сондай-ақ, Құрбан айтта тек қана құрбан шалып, ет таратып, қайырымдылық істермен ғана шұғылданбай, отбасымызға да көңіл бөліп, балаларымызға Құрбан айтты мереке ретінде сезіндірудің маңыздылғын жеткізді.

Өз кезегінде қызметкерлер де алғыстарын айтып, ұжым болып осындай игі шараларды береке-бірлікпен өткізе беруге тілектестіктерін білдірді.