Құрбандық шалуға қатысты дінімізде егжей-тегжейлі баяндалған бірқатар мәселелер бар. Оларды білмесек, шалған құрбандығымыз, атқарған ғибадатымыз дұрыс болмай қалуы, мойнымыздан міндет түспей қалуы мүмкін.
Сондықтан, халыққа тиісті мәліметтерді жеткізіп, діни сауатын арттыру дін қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.
Осы орайда, Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Қуаныш Файзоллаұлы осы жұма намазынан кейінгі Пәтуа сағатын Құрбандық мәселелеріне арнады. Құрбан шалудың діни үкімі, құрбан шалуға жарамды малдардың сипаттары мен жастары, отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке байлығы болғанда құрбан шалу үкімі қалай болатындығы және т.б. бірқатар мәселелерге тоқталып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Пікір қалдыру