БАС МҮФТИ АЯГӨЗДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

Қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Аягөз қалалық мешітінде жұма намазына қатысып, жиылған жамағатқа насихат айтты.

Сондай-ақ, қалалық мешіт жанындағы Діни сауат ашу орталығының жұмысымен танысып, ҚМДБ атынан Интерактивті тақта сыйға тартты. Аудан имамы Алмас Айткәрімұлы сауат ашу орталығынан бөлек Бас мүфти бұрышын таныстырып, қонақтар тарихи фото-көрмені тамашалады.

Айта кетейік жұма намазынан жамағатпен бірге елдің бірлігі, амандығы үшін дұға жасалды.