НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫН АЯГӨЗ ХАЛҚЫ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысы Аягөз ауданына арнайы келді. Бас мүфти бастаған қонақтарды қала қақпасынан аудан әкімі Қанат Серікқанұлы, ардагерлер алқасының мүшелері салтанатпен күтіп алды. Қонақтарға құрмет көрсетіліп, жырдан шашу шашылды. Аудан басшысы сапарға сәттілік тілеп, қонақтардың қадамын жақсылыққа балады.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 2001-2005 жылдар аралығында Аягөз қаласының бас имамы қызметін атқарып, Аягөз халқымен етене араласып, бірлесе көптеген қызметтер атқарған. Нәтижесінде Аягөз халқының жүрегінде Бас мүфтиге ерекше құрмет орныққан.