АБАЙ ОБЛЫСЫ: ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ СЕМИНАРЫ

Абай облысы дін қызметкерлеріне арналған 10 күндік «Имамдардың білімін жетілдіру» курсы аясында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты семинар өтуде. Семинарды ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ жанынан ашылған Ислам ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төрәлі Қыдыр ұстаз жүргізуде.

Ихсан ілімі – қазақ даласына Ислам діні келгеннен бері жалғасып келе жатқан рухани тәлім. Бұл жайлы Төрәлі Қыдыр ұстаз «Қазақ даласындағы Ислам. Баптардан ахун, ишандарға дейін» атты дәрісінде баяндады.

Үш күнге созылатын «Ихсан – рухани тәрбие негізі» семинарында Қазақ топырағына Ислам келгенге дейінгі түрлі наным-сенімдердің тарихы, Қазақ даласының Исламды қабылдауының 3 кезеңі, ата-бабаларымыздың неліктен Әбу Ханифа мазһабын таңдағандығы, 960 жылы Қарахан мемлекеті тұсында Исламның мемлекеттік дін ретінде жариялануы, Исламның халық арасында кеңінен таралып, жүректердің түбінен терең орын алуындағы рухани ұстаздардың атқарған рөлі сынды бірқатар мәліметтер берілді.