ҚМДБ, Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес 3-13 қыркүйек арасында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсы өтуде. Бұл курсқа Семей, Курчатов қалалары, Абай, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары мен аталмыш аудандарға қарасты ауылдық мешіттердің имамдары, барлығы 75 дін маманы қатысуда.
Курстың бірінші күні Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында дәріс оқып дін қызметкерлеріне бұл курстың мән-маңызы мен мақсатын түсіндірді.
10 күнге созылатын білім курсында Құран және тәжуид, Ислам құқығы, Иман негіздері дәрістерімен қатар «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Фиқһ әдіснамасы», «Хадис әдіснамасы», «ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар», «Ислам және дәстүр құндылықтары» сынды тақырыптарда семинарлар өтеді.
Дәрістер мен семинарларды ҚМДБ тарапынан бекітілген білікті дін мамандары мен Әл-Азһар, Нұр-Мүбәрак, Хасеки сынды белді діни орындарын тәмамдаған жергілікті ұстаздар жүргізеді.
ҚМДБ, Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес 3-13 қыркүйек арасында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсы өтуде. Бұл курсқа Семей, Курчатов қалалары, Абай, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Жаңасемей аудандары мен аталмыш аудандарға қарасты ауылдық мешіттердің имамдары, барлығы 75 дін маманы қатысуда. Білім курсы Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіттің жанында жаңадан ашылған Студенттер үйінің “Дін мен дәстүр” сыныбында өтуде.

Пікір қалдыру