Абай облысына қарасты қала, аудан, ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру курсы барысында «Фиқһ әдіснамасы» семинары өтті.
10 күнге созылған семинарды Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіттің наиб имамы, Әл-Азһар университетінің түлегі Рашид Мейимбекұлы жүргізді.
Семинар барысында имамдарға Ислам шариғатының қайнар көздері, шариғат мақсаттары, фиқһ мазһабтарының шығу тарихы, Құран-сүннеттен шариғи үкімдер мен пәтуаларды шығарудың әдістемелері сынды бірқатар мәселелерге арналған дәрістер легі өтті.
Пікір қалдыру