АБАЙ ОБЛЫСЫ: «ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ» СЕМИНАРЫ

Абай облысына қарасты қала, аудан, ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру курсы барысында «ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларға түсіндірме» атты семинар өтті.

Семинарды Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы, Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы Қуаныш Файзоллаұлы жүргізді.

Семинар барысында имамдарға ҚМДБ Ғұламалар кеңесі әзірлеген «Пәтуалар жинағы» кітабының 3, 4 томдары таныстырылып, аталған еңбектердегі «Әйел адамның қажылыққа махрамсыз бару үкімі», «АХАТ арқылы неке қию үкімі», «Зекетті мешіт шығындарына жұмсау үкімі», «Алтын мен күміс саудасы» және т.б. бірқатар пәтуаларды ашықтап, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі елімізде орын алып жатқан түрлі жағдайларға байланысты қоғам тарапынан туындаған көптеген өзекті мәселелерге қатысты пәтуалар әзірлеп, тұщымды жауаптар беруді мақсат етеді және осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді.