ИМАМДАРҒА «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Абай облысы бойынша жауапты өкілі Беисов Рашид Абай облыстық Абай Құнанбайұлы мешітінде имамдардың білімін жетілдіру курсында ілім алып жатқан аудан-ауыл имамдарына «Зекет және қайырымдылық» атты семинар өткізді.

Семинар барысында 4 түлік малдың зекеті және егістік ұшыры туралы толыққанды мәлімет берілді. Сондай-ақ, зекеттің шарттары, қандай жағдайда зекет парыз болып, қандай жағдайда мойыннан түседі, зекет кімдерге беріледі, кімдерге зекет беруге жарамайды деген секілді бірқатар мәселелер түсіндірілді.

Рашид Жамалбекұлы имамдарға ауыл халқына Зекеттің мән-мағынасын, оның Исламның бес негізінің бірі екендігін даналықпен жеткізудің маңыздылығы туралы да айтып өтті.