«УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» СЕМИНАРЫ

Абай облысы имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» атты семинар өтті. Семинар барысында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі, Семей қалалық Қос мұнаралы мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлы дәріс оқыды.

Біржан Аманжолұлы семинар қатысушыларына уағыз айтушыға қойылатын талаптар мен уағызшының бойынан табылуы қажет қасиеттер жайлы, атап айтқанда, бірінші кезекте терең білім иесі болу, шынайы ықылас-ниет, сөз бен амалдың сәйкес келуі сынды бірқатар маңызды мәселелерге тоқтала келе, сөз саптаудың ережелері, тыңдармандарды жалықтырып алмау, уағыз-насихаттарымызда аят-хадистермен қатар, даналық сөздер, қазақ халқының мақал-мәтелдері мен ақын-жырауларымыздың орамды ойларын және көрнекті мысалдарды қозғалудың да маңыздығы туралы сөз етті.