АБАЙ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА КЕШЕНДІ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттері Абай облысы бойынша барлық қала және аудан имамдарына арналған кешенді семинар болып өтті.

Алғы сөзді алған Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталып сәттілік тіледі.

Семинар барысында Абай Құнанбайұлы мешітінің штаттан тыс жылжымайтын мүлік құқығы бойынша кеңесшісі Қайрат Жұмағазыұлы, Абай Құнанбайұлы мешітінің іс-басқарушысы Ержан Меңдібайұлы, бас есепші Айгүл Жұмағазықызы, Семей қалалық Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әділ Секенұлы, Өрт қауіпсіздігі саласы және Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мамандары баяндама жасады.

Жалпы алғанда семинар қатысушыларына «Мешіт құжаттарын рәсімдеу тәртібі», «Мешіттің іс-қағаздары», «Есеп-қисап жасау жүйесі», «Кеңсе жұмыстары», «Мешіт жанындағы хатымханаларға қатысты санитарлық талаптар» және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылып, ақпараттар берілді.

Сондай-ақ, Абай облыстық Дін істері басқармасының Сейілбек Абиұрұлы семинарға қатысушы имамдармен арнай кездесіп, пікір алмасты.

Семинар соңында имамдарға арнайы сертификат табысталып, баяндама жасаған мамандарға алғыс білдірілді.