АҚСУАТ АУДАНЫ: АЙМАҚТЫҚ САДАҚ АТУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ өмірге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақсуат аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Дәстүрлі садақ атудан аймақтық сайыс болып өтті. Сайысқа Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан мергендер келіп қатысты.

Жарыс 3 бағытта, дәлірек айтсақ, ерлер арасында Қалқан нысанасы мен Жамбы ату, ал, қыздар арасында Жамбы нысанасы бойынша өтті. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар тіркеліП, қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды:

Қалқан нысанасы (ерлер)

1-орын Усабаев Асқарбек (100 мың тг)

2-орын Қанатбаев Даурен (60 мың тг)

3-орын Дюсупов Олжас (40 мың тг)

Жамбы нысанасы (ерлер)

1-орын Тулеубаев Жасұлан (100 мың тг)

2-орын Усабаев Асқарбек (60 мың тг)

3-орын Дюсупов Олжас (40 мың тг)

Жамбы нысанасы (қыздар)

1-орын Маденова Мадина (100 мың тг)

2-орын Канапиянова Құндыз (60 мың тг)

3-орын Бақытбергенова Динара (40 мың тг)

Сайыс аяқталған соң арнайы дастарқан жайылып, Мәуліт оқылып, Ардақты пайғамбарымызға ﷺ салауаттар айтылды. Рухани жыр-термелерден шашу шашылды.

Ақсуат ауданының бас имамы Айдын қажы Құсманұлы жеңімпаздарды марапаттап, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.