АБАЙ ОБЛЫСЫ: АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Абай облыстық орталық мешітінің іс-басқарушысы Ержан Меңдібайұлы, Абай Құнанбайұлы орталық мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы, “Алтын ұя Семей” ЖШС прорабы Марат Акрамұлы және “SW Гарант” ЖШС еңбек қауіпсіздігі инженері Бақытқан Қабдығалиұлынан құралған арнайы комиссия Абай облысында құрылысы жүріп жатқан бірқатар мешіттерге тексеру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Куряатов қалалық мешіті, Бородулиха аудандық мешіті және Бесқарағай ауданына қарасты Канонерка ауылдық мешітінің құрылысымен танысып, мешіт құрылысын жүргізіп жатқан жұмыскерлермен және жауапты қызметкерлермен кездесті. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жауапты бригадирлерге қауіпсіздік кітапшасы мен жұмыс орнына арналған кітапша табысталды.

Сондай-ақ, мешіт құрылыстары мен қайта жөндеу, қалпына келтіру, кеңейту, қосалқы ғимараттар салу және т.б. құрылыс жұмыстарын ҚМДБ-ның рұқсаты мен келісімін алып бастау керектігі де ескертілді.