АБАЙ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ АПТАЛЫҚ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ

ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде Абай облысы имамдарына апта сайын онлайн жиын үрдісі қолға алынды. Бұл жолғы жиында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы қала, аудан имамдарымен жылдық есепке дайындалу мәселесін талқылап, жылдық жоспар негізінде жыл бойы атқарылған іс-шаралардың есебін тыңғылықты дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, қыс мезгіліне қатысты әзірліктерін пысықтап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Сонымен қатар, еліміздің түрлі діни оқу орындарында, атап айтқанда, медресе-колледждер мен Нұр-Мүбәрак Ислам университетінде оқып жатқан Абай облысының студенттеріне жергілікті имамдардың жан-жақты қолдау көрсетулерінің маңыздылығын жеткізді.