ХАЛАЛ ДАМУ: СЕМЕЙ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ «Халал даму» мекемесі технологы Данияр Сафиев Абай облысына іс-сапары барысында «Тыныбай мешітіне» жиналған жамағатқа «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді.

«Халал – сіз бен бізге Алла тарапынан рұқсат етілген нәрселер болса, харам тыйымдар шеңбері. Харамнан тыйылып қашық болу, халалға асық болу – әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген Данияр халал стандарттау және сертификаттау жөнінде кеңінін баяндап, шариғат талаптарына сай халал ас өндіру мен тұтынудың дүние мен ақыретте тигізер пайдасына тоқталды. Жиылған жамағатқа халал ас тұтынудың маңызы, тағам өнімдерін сатып аларда, тұтынарда аса мән берілуі тиіс жәйттар, күнделікті ас өнімдері құрамында жиі кездесетін тағамдық қоспалар, халал өнімдер дайындау технологиясы жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті.