РАНТ мүшесі ТЖД қызметкерлерімен кездесті

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Шымкент орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Орынбасарұлы Абай облысына сапары барысында Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында лудомания, құмар ойынның құрдымына түсудің себептері және жат ағымдардан сақтанудың жолдары тақырыбында уағыз-насихат айтты. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.