ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының “ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ” жобасы аясында кәсіпкер дін жанашырының қолдауымен Қалбатау ауылдық Сәдуақас ата мешітінің имамы, жас маман Нұр-Мүбәрак университетінің түлегі Заңғар Қойшыбайұлына жеке баспана табысталды.
Бұл аталмыш жоба аясындағы 789-шы баспана болып тіркелді. Баспана кілтін Зекет және қайырымдылық қорының Абай облысы бойынша өкілі Рашид Жамалбекұлы арнайы барып табыстап, жас маманға ізгі тілегін айтты.
Пікір қалдыру