АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы Студенттер үйіне Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы мен Абай аудандық мәслихатының төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы және Абай ауданының бас имамы Болат қажы Самырбайұлы арнайы ат басын бұрып, шәкірттермен кездесті.

Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы құрметті қонақтарды Студенттер үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, студенттермен кездестірді.

Абай ауданы әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жастарға өзінің ақыл-кеңесін айтып, Студенттер үйі кітапханасына Құнанбай қажының 220 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Абай мектебі және Шығыс әдебиеті» атты кітаптың бірнеше данасын сыйға тартты және Абай ауданы кәсіпкерлері атынан Студенттер үйіне қаржылай көмек көрсетті.