Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Жарма ауданындағы іс-сапары барысында “Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл” атты салтанатты жиынның құрметті қонағы болып, “ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНА 30 ЖЫЛ” мерекелік медальмен марапатталды.
Мерекелік төс белгіні бас имамның кеудесіне Жарма аудандық мәслихатының төрағасы Мейрхан Мелисұлы өз қолымен тағып, Абай облысы халқының діни тұтастығы мен рухани бірлігі жолындағы қызметіне алғысын жеткізді.
Пікір қалдыру