АБАЙ ОБЛЫСЫ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ІІІ КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ

Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының бастамасымен Семей қалалық Мәдениет сарайында Алаш жұртына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген Дін мен дәстүр ІІІ кітабының танытымы өтіп, Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сейсенұлы, ардагер ұстаз, ғылым докторы, профессор Зейнолла Қалымбекұлы, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тыныштықбек Әбдікәкімұлы сынды зиялы қауым өкілдері және Астанадан арнайы келген қонақ, ҚМДБ Иман журналының шеф-редакторы Келуімжай Құтты мырза кітаптың тұсауын кесіп, ақсақалдар ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелеріміз шашуларын шашты.

Асқар Әбітайұлы Дін мен дәстүр ІІІ кітабының мән-мазмұны мен маңыздылығына тоқталып «Тәуелсіздік алған бастапқы жылдары дәстүрімізді мансұқтайтын топтар бой көтеріп, белсенділік танытса, соңғы уақыттары, керісінше, қазақ елі сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан асыл дініміз Исламға тіл тигізіп, бабалар жолынан ауытқыған топтар пайда болды. Біз осы екі топтың екеуіне де қосылмай, дініміз бен дәстүрімізді қос қанатымыздай көріп, көзіміздің қос қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл кітап осы мақсатта қаламға алынға сүбелі еңбектердің бірі», – деп атап өтті.