Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте Абай облысы имамдарының 2024 жылғы қорытынды есеп беру жиыны болып өтті. Берекелі бас қосудың шымылдығын Асқар қажы Әбітайұлы ашып, дін қызметкерлерінің Алла жолындағы сауапты қызмттеріне алғыс білдіре отырып, қалалық және аудандық мешіт имамдарының жылдық есептерін тыңдады.
Мешіт имамдары ҚМДБ 2024 жылға бекіткен “Дін мен дәстүр”, “Ізгі қоғам”, “Ихсан және насихат”, “Діни оқу-ағарту”, “Жат діни ағымдардан сақтандыру” сынды 5 бағыт, сондай-ақ, “Шариғат және пәтуа”, “Құран секторы”, “Ақпарат”, “Қоғаммен байланыс” және т.б. бөлімдер бойынша атқарған іс-шараларының есебін презентация, слайдтар негізінде баяндады.
Жиын соңында Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы имамдардың жұмысын бағалап, тиісті түзетулер мен толықтыруларды ескертіп, алдағы уақытта осы бағыттан таймай, жұмыстарымызды жан-жақты жетілдіре түсіру қажеттілігін баса айтты.
Сондай-ақ, 2024 жылы жемісті қызмет атқарып, ерекше ынта-жігер көрсеткен қалалық, аудандық және ауылдық мешіт имамдарына алғыс хаттар табыстады. 2024 жылғы қорытынды бойынша төмендегі дін қызметкерлері “үздік”атанды:
Үздік қала имамы – Дәулет Жұмаханұлы (Семей қаласы, Ағаш мешіті)
Үздік аудан имамы – Әріпжан Қожанұлы (Бородулиха ауданы)
Үздік ауыл имамы – Нұржан Төлеуғазыұлы (Үржар ауданы, Айтбай ауылы)
Үздік наиб имам – Дәулет Қинаятұлы (Аягөз ауданы)
Үздік мешіт азаншысы – Нұржан Ғабдылбарұлы (Семей қаласы, Қосмұнаралы мешіт)
Үздік ұстаз (ер) – Санжар Біржанұлы (Абай облыстық Абай Құнанбайұлы мешіті)
Үздік ұстаз (әйел) – Әсел Рымғалиқызы (Аягөз ауданы)
Жыл уағызшысы – Құттыбек Түменбай (Абай облыстық Абай Құнанбайұлы мешіті)
Үздік ардагер имам – Нұрбек Нәзерұлы (Семей қаласы, Тас мешіті)
Үздік ауыл мешіті – Суықбұлақ ауылы
Үздік аудан мешіті – Көкпекті ауданы
Үздік қала мешіті – Хакім Хазрет мешіті
Пікір қалдыру