АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады. 

Салтанатты шарада барлығы 33 номинация бойынша үздіктер марапатталды. Солардың қатарында Абай облысы бойынша ұзақ жылдар бойы Аягөз аудандық орталық мешітінде қызмет етіп келе жатқан Дәулет Қинаятұлы “Үздік наиб имам” номинациясымен марапатталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнаулы марапатты тапсыру барысында “Дәулет имам өте білікті, әрі, тәжірибелі дін қызметкері. Өзі көп жылдардан бері наиб имам қызметінде болғанымен, қаншама бас имамдарды тәрбиелеп, көптеген шәкірттерге тәлім беріп келе жатыр”, – деп ерекше атап өтті.