Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының жетекшілігімен Абай обысына қарасты қала және аудан имамдарының 2025 жылғы алқалы жиыны болып өтті.
Алқалы мәжілісті ашқан Асқар Әбітайұлы ҚМДБ құрылғанына 35 жыл толуына орай дін жолында жемісті қызмет етіп келе жатқан бірқатар имам-ұстаздарға Бас мүфтидің алғыс хатын табыстады.
Ауқымды жиналыс барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы толыққанды таныстырылып, имамдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, биылғы жылдың «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» жылы болып жарияланғаны және осы жылда атқарылуға тиісті іс-шаралардың жоспары да имамдарға таныстырылды.
ҚМДБ 2025 жылға басымдық берген «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» сынды бағыттар және басқа да бөлімдер мен секторлар, сондай-ақ, Уақып қорып, Зекет және қайырымдылық қоры, Қамқор-Шарапат мекемесіне Абай облысы бойынша жауапты мамандар баяндама жасап, өз бағыттары бойынша биылғы жылы атқарылатын шаралар туралы түсіндірді.
Асқар қажы Әбітайұлы қала-аудан имамдарын аталмыш жоспар негізінде жыл бойы аянбай еңбек етуге шақырып, нақты тапсырмаларды берді. Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі мешіт имамдарын да осы ҚМДБ бекіткен жоспар негізінде қызмет етуге баулу керектігін баса айтты.
Пікір қалдыру