Аягөз қаласындағы №10810 әскери бөлімінде «Нүктелі алдын алу» атты тақырыпта басқосу жиыны өтті. Бұл жиынға әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Сүтжанов Руслан, аудандық аурухананың психологы Ж. Ахметова, Аягөз АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция майоры Б. С. Атантаев және қалалық мешітінің бас имамы Нұржан Медеуханұлы қатысты. Өз кезегінде сөз алған қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың, әскери мүлікті, қаруды және оқ – дәрілерді ұрлау, өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу, зорлық – зомбылық, интернет желісі бойынша алаяқтықты алдын алу жайлы сөз қозғалып, заң және шариғат аясындағы талаптары баян етілді. Әскерилер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптары берілді.
АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №10810 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Пікір қалдыру