1-Ақпан – Халықаралық орамал күніне орай Абай облысы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Әйел көркі – орамал” атты рухани кеш өтті. Шара Құран аяттарымен басталып, әрі қарай дін мен дәстүрді ұштастырған, өмірлік мәні бар қойылым көрсетілді. Одан бөлек, діни сұрақтармен Quiz ұсынылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар таратылды. Қыз-келіншектерді сергіту мақсатында қызықты ойындар ойнатылды. Кеш соңында Абай облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі- Данагүл Төлегенқызы орамалдың қасиеті жайлы, парызы туралы уағыз-насихат айтты. Бұл кештің басты мақсаты – орамалдың қазіргі қоғамдағы орны, оның құрметі, маңыздылығы жайлы қыз-келіншектерге насихаттау.
Пікір қалдыру