АТАЛАР ЖӘНЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ БАС ҚОСУЫ

Қаламыздағы Әбу Бәкір Сыддық мешітінің имамы Айдын Салимханұлының ұйымдастыруымен Семей қаласы Аталар және Әжелер мектебінің жастармен кездесуі өтті. Әбу Бәкір Сыддық мешітінде қарттарымызға арналып ақ дастархан жайылды.

Жиында қазақ халқының қолға су құю, үлкендердің балаларға бата беруі сынды салт-дәстүр үлгілері көрсетілді. Ақсақалдар мен әжелер жастарға баталарын беріп, ақ тілектері мен өмірлік өсиет-ақылдарын айтты.

Жалпы алғанда Абай облысы өкілдігінің бастамасымен  Аталар және Әжелер мектебі құрылып, жұмысы жүйелі түрле жалғасын тауып келеді. Қарттарымыз мешіт жамағаттарымен және жастармен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.
Жиын соңында Айдын Салимханұлы “Үлкенге құрмет – жастарға міндет” тақырыбында уағыз айтып, жас жамағаттарды қазыналы қарияларымыздың қадірін білуге шақырды.