1-ақпан күні “Әжелер мектебінің” мүшелері шәкірттермен кездесті. Кешіміз Құран аяттарымен басталды. Әжелеріміз студенттерге өз шашуларын шашты. Кештің басты мақсаты қажы апаларымыздың өсиеттерін тыңдап, баталарын алу болды. Әжелеріміздің басты қуаныштарының бірі – өздерінен кейін осындай жақсы қауым, тәрбиелі, салихалы ұрпақтардың көбеюі. “Әжелер мектебі” мүшелері студенттердің келешегінен көп үміт күте отырып, өз баталарын беріп, ізгі-тілектерін айтып кетті.
Пікір қалдыру