ҚМДБ төрағасының орынбасары, найб мүфти Кенжетай Байкемелұлының төрағалығымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының қызметкерлері мен өңірлердегі мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, Молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы, Ядролық медицина орталығының мамандары баяндама жасады.
Аталмыш семинарға ҚМДБ “ХАЛАЛ ДАМУ” мекемесінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Меллетұлы да қатысып біліктілігін арттырды, әрі, семинарға қатысқаны үшін арнайы сертификат табысталды.
Айта кетейік, 2024 жылы Семей қаласы бойынша 15 мекеме ХАЛАЛ сертификатқа ие болды. Олардың қатарында тамақтану орталықтары, ет өнімдерін даярлайтын орталықтар бар.
Жалпы алғанда қазіргі таңда 20-дан астам мекеме ХАЛАЛ ДАМУ сертификатымен жұмыс атқарып келеді.
Пікір қалдыру