ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСЫНЕН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

Абай облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастырылуымен Дін қызметкерлері арасында үстел теннисынен жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызметкерлердің ауызбіршілігі мен ынтымағын қалыптастыру.

Жарысқа он сегіз адам қатысып, бақ сынасты. Қатысушылардың ішінде ең жүйрік болып танылып, бірінші орынды “Тас мешітінің” наиб имамы Қанатов Еркебұлан иеленді, екінші орынды “Жоламан” мешітінің бас имамы Ербол Арғынов иеленсе, “Әли” мешітінің наиб имамы Нұрмұхаммед Әділұлы үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.