ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің бастамасымен Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды имамдарға таныстыру мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Құттыбек Түменбай және Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы қатысып, аудан, қала имамдарына пәтуаларды насихаттаудың маңызын түсіндірді.
Семинарда пәтуа берудің әдіс тәсілдері, заманауи мәселелерге пәтуа берудің дұрыс жолы мен әдебі қатарлы мәселелер қаралып, кейбір пәтуалар талқыланды. Жиында аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары пәтуаға жауапты мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды. Пәтуаның өзектілігі айтылып, насихат шараларына арналған алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.
Пікір қалдыру