МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАН ҮЙРЕНУ КУРСЫН ТАМАМДАДЫ

Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте кезекті Құран үйрену курсы өз мәресіне жетті. 1 айға созылған курс барысында мешіт ұстазы Нугуман Ералы шәкірттерге Құран әліппесі мен Тәжуид ережелері дәрісін өткізді. 

Аталмыш дәрісті тәмамдаған 20 шәкіртке арнаулы сертификаттар табысталып, сыйлыққа Құран кітаптары берілді.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мешітінде Құран әліппесін үйрену, Құран жаттау дәрістері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Дәріске жазылу үшін 87471876865 (Ералы ұстаз), 87775954234 (Қуаныш ұстаз) нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.

Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай баяндалған: “Қиямет күні Құран келіп: «Я, Алла, Құран оқушыны көріктендір», – дейді. Сонда оған қошемет тәжі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, онан сайын еселе!» – дейді. Сонда оған қошемет киімі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, оған разы бол!» – дейді. Сонда оған разы болынады. Осыдан кейін ғана Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» – делінеді» (Тирмизи риуаят еткен).