ЗЕКЕТ ҚОРЫ БАСШЫСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы Абай облысы имамдарына «Зекет және қайырымдылық қорының жаңа жобалары» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «ZEKET HUB» жобасын таныстырып, қазіргі таңда қолға алынып, жемісті қызмет атқарып келе жатқан бірқатар шаралар туралы мәлімет берді.

ZEKET HUB жобасы аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары жүргізіледі. Бұл курстар 3 бағытты қамтиды:

  1. Кәсіп мектебі – «Дәнекерлеуші», «Жиһаз құрастырушы», «SMM маманы», «Кілт жасау», « ЛФК жаттықтырушысы».
  2. Бизнес мектебі – «Жобалау менеджері», «Өнім менеджері».
  3. Этнокәсіп – «Астау жасау», «Ұлттық киім тігу», «Көрпе тігу».

Сондай-ақ, «Балық берме, қармақ бер» нақыл сөзді басшылыққа алған ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры «QAZ QATAR» құрастырмалы тауық фермалар жобасын іске қосты. Қазіргі таңда мұнда 4000 тауық өсірілуде. Ал, тауық еттері қайырымдылық бағытына жұмсалуда.

Мақсатбек Мақсотұлы Зекет және қайырымдылық қорының т.б. жобалары туралы түсіндіріп, жергілікті имамдарға аталмыш жобаларды қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде жүзеге асыру жолдарын баяндады.