“ЖАС ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ” АТТЫ ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА АЗАН АЙТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Ислам дінінде азан шақырудың алар орны ерекше. «Азан» – Ислам дінінің бес парызының бірі – намазға шақыруды білдіреді. Осы ретте Абай облысы Семей қалалық Қос мұнаралы мешітінің ұйымдастыруымен Жас әуезді азаншы атты  шәкірттер арасында азан айтудан жарыс өтті.
Қатысушылардың барлығы жақсы нәтиже көрсетті. Дегенмен арасынан азанды өз мақамына сай көркем түрде айқан шәкірттер болды.
Бірінші орынды Досмамбетов Нұрали
Екінші орынды Имран Ясин
Үшінші орынды
Сұлтан Мансур алды.
Ал жас азаншы номинация ретінде Абдуқаһһарұлы Нұрзият иеленді.
Жалпы сайысқа 12 бала қатысты.