Абай облысы орталық мешіті Әз-Наурыз мерекесін шариғи талаптарды сақтай отыра атап өтті. Жұма намазынан шыққан жамағаттардың арасында арқан тарту, қол күресі, гір көтеру ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, дәстүріміз дәріптелді.
Жамағат ауыздары берік болғанына қарамастан, спорттық сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Осылайша, биылғы жылы төл мерекеміз Әз-Наурыз Рамазан айымен тұспа-тұс келсе де, Абай облысы мешіттері ұлттық мейрамымызды белсенді түрде атап өтуде.
Пікір қалдыру