АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде Рамазан айының басынан бері Құран Кәрімді толығымен хатым еткен 17 қариға Абай облысының орталық мешіті, Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, демеуші азаматтардық қолдауымен сый-құрмет көрсетіліп, 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Сондай-ақ Абай облысының Бас имамы – Асқар Әбітайұлының атынан қариларға Алғыс хат табысталды. Абай облысының жамағаттары атынан рақмет айтылды.

Құранды жатқа білетін жандардың Алла алдында да адамдар алдында да мәртебесі жоғары. Пайғамбарымыздың хадистері мен  Қасиетті Құран аяттарында қарилардың артықшылығы жөнінде кеңінен баяндалады. Қияметте олардың ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Ал, осы өмірде жаттаған аяттарын оқып, соған сай амал етсе, жәннаттағы дәрежесі жоғыралай береді. Жаратушы Иеміздің хақ сөзін жадына сақтап, амалға асырып жүрген қариларымызға құрмет көрсеткен дін жанашырларына алғыс білдіреміз. Қариларымыздың оқыған Құрандары мен берген баталары қабыл болып, кәсібі әрдайым өрге домалап, әрбір игі ісіне Алла Тағала береке беруін тілейміз.