Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Рамазан айында тарауық намазынан тыс уақытта да Құран хатым оқылу қолға алынған болатын.
Соған орай, Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде бір ай бойы бесін намазының алдында Құран-хатым оқылып, оразаның соңғы күні Құранның соңғы сүрелері оқылып, хатым дұғасы жасалды.
Бір ай бойы оқылған Құранның сауабы Ардақ Мұхаммед пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак рухына, барша пайғамбарлар мен әулиелерге, ата-бабалар рухына, хандарымыз, билеріміз, жырауларымыз, батырларымыз, Алаш ардақтылары, Желтоқсан боздақтары және барша дүние салған мұсылмандардың рухына арнайы бағышталды.
Пікір қалдыру