АҚСУАТ ИМАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Ақсуат аудандық орталық мешітінің бас имамы болып Қанат Мұратбекұлы тағайындалды. Бұған дейін Ақсуат аудандық орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Айдын қажы Құсманұлы аталмыш мешіттің наиб имамы қызметіне бекітілгенін айта кетейік.

Ақсуат ауданының жаңа тағайындалған бас имамы Қанат Мұратбекұлы өзінің өмірлік ұстазына сыйластық пен құрмет көрсетіп, жамағат атынан ат мінгізіп, шапан жапты.