«Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды». Өйткені шаңырақ құрғаннан кейін адамның еңбекке деген құлшынысы да артады. Дүниесін үнемдеуді, есептеп, орын-орнымен жұмсауды үйренеді. Ал, үнемшіл үйге береке жауады.
Кұран кітапта «Нұр» суресінің 32 аятында Алла Тағала былай дейді:
« Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды, тұл ер, әйелдерді) сондай-ақ қолдарыңдагы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші.» (1)
Шаңырақ құру жастарды байсалдылыққа, сабырлы, төзімді болуға тәрбиелейді. Ұшқалақтық пен жеңілтектіктен арылтып, ақылды толыстырады. Үйлену арқылы адам баласы өзін түрлі күнәлардан қорғайды.
Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, жастар, араларыңдағы үйленуге шамасы жететіндер үйленсін. Себебі, көз зинасынан да, іс-әрекетпен жасалатын зинадан да ең күшті сақтану жолы – үйлену. Бұған шамасы жетпегендер ораза ұстасын. Себебі, ораза ол үшін қорған», (2) – деп кеңес берген.
Сондай-ак, тағы бір хадис шарифінде :
Жабир ибн Абдулладан риуаят етілгені айтылған мына бір хадисте былай делінген: «Пайғамбарымызға (c.ғ.с.) бір кісі келіп, тұрмысынын нашарлығын шағымданды. Сонда Алла елшісі (c.ғ.с.) оған тұрмыс құруын бұйырды»
ҚМДБ Семей қалалық «Даланбай ата»
мешітінің бас имамы
Шраинбеков Ұлан Ермекұлы
1 «Нұр» сүресі, 32-аят
2 Бұхари, Никаһ, 1
Пікір қалдыру