Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 810-баспана кілтін мешіт имамына арнайы табыстады.
Атап айтқанда, көп жылдан бері Семей қаласының руханиятына сүбелі үлес қосып, діни салада қызмет етіп келе жатқан «Жоламан» мешітінің имамы, ұстаз, білікті маман Ербол Рахметоллаұлы қасиетті Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен кезекті баспананың иесі атанды. Пәтер кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қуаныш иесін құттықтап, жаңа баспанасына бақ-береке, отбасына амандық тіледі.
Пікір қалдыру