“ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ” АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында жас отбасыларға арналған семинар өтті. Семинарды Семей қалалық Қос мұнаралы мешіттің наиб имамы Серікбол Арғынов жүргізді. Семинардың басты мақсаты – Исламдағы отбасы түсінігі және оның маңыздылығы, ер мен әйелдің орнын баяндау болды. Серікбол Жұмабекұлы қатысушыларға Ислам дініндегі отбасының маңыздылығы, ерлі-зайыптылардың міндеттері, бала тәрбиесі турасында насихат айтты.

Сондай-ақ, семинарға қаламыздағы білікті психологтардың бірі Жаңыл Рахметоллаұлы арнайы қатысып, бақытты отбасы құпиясы туралы баяндама жасады өтті.

Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, алдағы уақытта да осындай семинар-тренингтар жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.