Наурыз мейрамына орай бір күнге ауызымызды ашсақ бола ма?

Сұрақ: Наурыз мейрамына орай бір күнге ауызымызды ашсақ бола ма?

Жауап: Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, алдымен айта кетейік,
Рамазан оразасын шариғи бір себепсіз ұстамау – ауыр күна, харам іс. Хадистерде Рамазан оразасын себепсіз ашып жіберген мұсылмандардың, 0 дүниедегі мәшғұл жағдайы баян етілген. Мысалы, бір хадисінде Алла елшісі тозақтағыларды айта келе: «Ол жерде бір қауымды көрдім» – дейді Алла елшісі. – «Аяқтары тірсектерінен ілінген, ұрттары жыртылған, ұрттарынан қан ағып жатыр. Мен: «Мыналар кімдер?» – деп сұрағанымда, «бұлар – оразаларын күн батпай жатып себепсіз ашып жібергендер», – деп жауап берді». Бұл хадис Рамазан оразасын ұстап бастап, ашып жіберген кісі мен мүлдем ұстамай жүрген мұсылманды қамтиды. Бұдан да Рамазанда шарғи бір себепсіз ауыз ашып жіберу ауыр күнә екендігін ұғамыз.

Ендеше, ауыз бекітіп наурыз мейрамына барып катысуға және түрлі қызықты бағдарламаларды қызықтап қайтуға болады, бірақ, наурыз үшін бір күнге болса да оразасын үзуге болмайды, олай ету күнә болады.