ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНА КЕЛГЕН ЖАМАҒАТТАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Облысымыздың орталық мешіті Наурыз мерекесіне орай Тарауық намазына келген жамағаттарға наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен адамзаттың жаңарып, жақсаратын, жақсылықтардың еселенетін, реніш пен өкпе-наздардың кешірілетін кезі. Атам қазақ бұл кезеңді “жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы” деп атаған. Табиғаттың өзі адам баласына қарасып, жылылығын төгіп, мейірін сездіріп тұрғандай. Сондықтан да болар адамзат баласы игі жақсылықтардың барлығын табиғаттың өзінен алып, үйренеді.

Мешіт ақсақалдары «Ақ мол болсын!», «Жатартушымыз жарылқасын!» – деп, көпшілікке жүрекжарды ақ бата тілектерін жаудырды.