АБАЙ: КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА “БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ АҚСАҚАЛ ТАҒЫЛЫМЫ” АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Көкпекті ауданында Ардагерлер кеңесі,ақсақалдар алқасы, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мешіттің бас имамы, “Amanat”” партиясы филиалының атқарушы хатшысы, жергілікті газеттің редакторы, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында республикалық тақырыптық күнін өткізу тұжырымдамасы бойынша “Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы” атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты қоғамдағы бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтары туралы түсінікті қалыптастыру, ақсақалдардың даналығы мен тағылымы арқылы қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту. Көкпекті ауданындағы 28 әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлескен отырысы жастарды ынтымақтастық дәстүрлері мен этносаралық құрметті сақтау және нығайту үдерісіне тартуды міндеттейді.