Абай облыстық орталық мешіті мен ҚМДБ, «ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» салттық қызмет көрсету орталығының Абай облысы бойыншы өкілдігінің ұйымдастыруымен «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» атты зираттарды тазалау шарасы болып өтті. Игі шараға қала әкімшілігі де қолдау көрсетіп, сонымен қатар, қала мешіттерінің имамдары, ұстаздары мен шәкірттері және еріктілер белсенді түрде қатысып, атсалысты.
Акцияның мақсаты – қабірлерді тазалап, абаттандыру ғана емес, сонымен қатар, жерлеу орындарында тазалық сақтаудың маңыздылығын тұрғындарға түсіндіру.
Акцияға қатысушылар зираттардың маңайында жиналған түрлі қоқыстарды арнайы қаптарға жинап, қала әкімшілігі тарапынан бөлінген 1 жүк тиеуші және 1 жүк тасушы көлікпен қоқыс төгетін орындарға жеткізілді.
Бұл игі бастама Семей қаласымен ғана шектелмей, Абай облысының барлық аудандары мен ауылдарында да жүзеге асты. Аудан-ауылдарда да жергілікті әкімшілік пен жамағаттар белсенді түрдеу қолдау көрсетті.
Қабір басындағы жатқан қоқыстарды тазалап, марқұмдарға құрмет көрсету тірілерге міндет. Алла елшісі, пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тазалық иманның жартысы» – деген. Оны біздің ата – бабаларымыз: «Өткенге құрмет, болашаққа міндет» – деп айтып кеткен.
Пікір қалдыру