АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Абай облысы Семей қаласының орталық мешітінің Бас имамы – Асқар Әбітайұлының бастамасымен, демеушілердің қолдауымен Үлкен қажылыққа жолдама табысталды.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарып жүрген – Ерлан Омаров ағамызға Үлкен қажылыққа жолдама табысталды. Жиырма жылдан астам уақыт өмірін Дін жолына сарп еткен, тынбай жасалған еңбегін ескере отырып, осындай сыйлық сыйланды.

Ерлан ұстаздың жұмысына табыс, отбасына береке тілейміз! Алла Тағала қабыл еткен қажылықтардан қылсын! Әмин!