Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Семей қаласында ғибратты ғұмыр кешіп жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнінің 80 жылдығымен арнайы барып құттықтады. Сондай-ақ, Зекет және қайырымдылық қоры Абай облыстық филиалының атынан сый-сияпат жасады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Семей қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин және 99 жастағы соғыс ардагері, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған Иван Шевцов есімді батырларымыз өмір сүреді.
Асқар қажы Әбітайұлы ақсақалдарға ізгі тілегін жеткізіп, баталарын алды.
Пікір қалдыру