АБАЙ ОБЛЫСЫ: КЕЗЕКТІ ҚҰРАН КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Орталық мешітімізде кезекті Құранға түсу курсы өз мәресіне жетті.

1 айға созылған курста шәкірттер мешітіміздің қариы – Ералы ұстаздан Тәджуид ережелері мен Құран дәрісінен сабақ алды. Аталмыш дәрісті тәмамдаған 10-ға жуық шәкіртке арнаулы сертификаттар табысталып, сыйлыққа Құран кітаптары берілді.Өз кезегінде жамағат та ұстазға разылығын білдіріп, келесі жалғастырушы топ курсында да өз білімдерін әрі қарай жетілдіріп, Құран сүрелерін жаттауға ниетті екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мешітінде Құран әліппесін үйрену, Құран жаттау дәрістері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Дәріске жазылу үшін 87471876865 (Ералы ұстаз), 87775954234 (Қуаныш ұстаз) нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.