Семей қаласының әкімі Бекжан Бапышев «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде болып, Абай облысың бас имамы Асқар Әбітайұлымен кездесті.
Кездесу барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына байланысты мешіттің дайындық жұмыстары жан – жақты талқыланды. Мешіт аумағында қажетті жұмыстары атқарылмақ.
Қала әкімі Бекжан Бапышев Құрбан айт мерекесі қарсаңында мешіт аумағын жаңарту және жамағаттардың құлшылық етуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды қауіпсіз және жайлы өткізу үшін барлық қажетті шаралар қолданылатынын жеткізді.
Мерейтой аясында мешіттің қызметі мен сыртқы келбетін жақсартуға басымдық берілмек. Қажетті абаттандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы орталық мешіттің сәулеттік келбетін және жалпы көріктілігін арттыру көзделуде.
Пікір қалдыру