Абай облысы Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, демеуші азаматтарымыздың қолдауымен облысымызға қарасты Көкбай ауылының қаланып жатқан мешітіне қаржылай көмек көрсетілді.
Жаңадан қаланған мешіттің сыртқы құрылыстары аяқталып, қазіргі уақытта ішкі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Соған орай қаржылай Зекет және қайырымдылық қорының қолдауымен жөндеу жұмыстарына 2 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қаржылай көмек осы мешіттің құрылысын бастап ұйымдастырып жүрген азаматымызға табысталды.
Пікір қалдыру